Алматыдағы Кеңсай тауында өрт шықты: не белгілі?

Алматыдағы Кеңсай тауында өрт шықты: не белгілі?
Фото: Куәгер ұсынған сурет

25 шілдеде кешке Алматының Медеу ауданындағы Сәрсенбаев көшесіндегі Кеңсай-1 тауының баурайында құрғақ шөп өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 20:00-де тұтанған. 

Кейін оның өрт сөндірілгені айтылды. 

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары таулы рельефке, тік беткейлерге және өрт сөндіру техникасының шектеулі қолжетімділігіне байланысты күрделі болған. Жұмыстар қолда бар құралдар мен арнайы арқаға асылатын өртсөндіргіштер арқылы жүргізілген.

"Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың су тасушы көліктерін қоса алғанда, 95-тен астам қызметкер мен 37 техника жұмылдырылды", – деп мәлімдеді министрлік.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget