Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты. Құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы ТЖД бастығының орынбасары Чайзада Бағдад ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Қазақстан-Британ университеті (ҚБТУ) ғимаратындағы өртке қарсы жұмыс істеп жатқанын айтты.
Өртті ауыздықтау 1951-1957 жылдары салынған, бес қабаттан тұратын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратының (Үкімет үйі) күрделі конструктивтік ерекшелігіне байланысты күрделене түскен.
"Жасырын жану ошақтары бар. Өрт әлі оқшауланған жоқ", - деді Алматы ТЖД басшысының орынбасары.
Алдын ала мәліметтер бойынша, төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанып жатыр.
Өрт орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды көбейту тапсырылған.
Өрт орнында Алматы ТЖД 78 құтқарушы және 28 техника жұмыс істеп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз