Алматыдағы кардиологиялық орталықта шу шықты: 27 қызметкер жұмыстан кету туралы арыз жазды

Алматыдағы кардиологиялық орталықта шу шықты. Бір топ қызметкер жұмыстан кетуге мәжбүр болдық дейді. Олардың айтуынша, жаңадан келген басшы түрлі себептермен түртпектеп, тіпті айлығын да қысқартып тастаған. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталықта ұзақ жыл қызмет еткен дәрігерлер, медбикелер, тіпті есепшілер де жұмыссыз қалып отыр. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" КМК бұл мәселеге қатысты Massaget.kz тілшісінің сауалына жауап берді. Олардың айтуынша, орталықтың жаңа басшының жұмысын тексеруге ұжымдық өтініш былт ыр жолданған. Тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталмаған. 

"Орталық директорын тағайындау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылды, кандидатура байқаудың қорытындысы бойынша бақылау кеңесімен және басқарма бұйрығымен бекітілді. Қызметкерлерге жалақы төлеу барлық қажетті төлемді ескере отырып жүзеге асырылады.

Бүгінде Қалалық кардиологиялық орталық штаты 90 пайыз қамтылған. Онда 579 адам қызмет етеді", - делінген жауапта. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!