Әдеттен тыс ұзаққа созылған жылы ауа-райынан кейін Алматы қаласында алғашқы қар жауды. 8 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап Алматы қаласында 9 желтоқсанда түске дейін қар жауа бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 68 құм таратқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.
"Қалада 4 см қар жауды, Медеу мен Шымбұлақта – 6 см. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жол жұмысшысы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Қала әкімдігі автокөлік жүргізушілеріне жолда мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, сондай-ақ жазғы доңғалақта жүргендерге мүлде жолға шықпауды сұрайды. Жаяу жүргіншілерден де тротуарларда, жол бойы мен жолды кесіп өткенде өте мұқият болу ескертіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!