Алматыдағы қала құрылысын бақылау басқармасының қызметкерлері ұсталды - фейк

Әлеуметтік желіде Алматыдағы қала құрылысын бақылау басқармасының қызметкерлері ұсталғаны туралы хабар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басқарма бұған қатысты түсінік берді.

"Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы әлеуметтік желілердегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Ведомство сонымен бірге жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаза бар екенін ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!