Алматыдағы жолдарда полицейлер алты күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді

Алматыдағы жолдарда полицейлер алты күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

11-16 шілде аралығында Алматыда республикалық "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Неге мән беріледі?

ІІМ мәліметінше, ол жол апаттарының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Алты күнге созылатын іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтауға ерекше назар аударады.

Мас күйде көлік басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзуы, сондай-ақ, қоғамдық көлік, мотоцикл және мопед жүргізушілері тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтар қатаң бақылауға алынады.

ІІМ үндеуі

"Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігінен басталады. Біздің басты міндетіміз - құқықбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, қайғылы оқиғалардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалу", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget