Алматыдағы "Жетісу" базарында өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 сәуірде 19:10-да өрт сөндірушілер Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, Құлжа трактісі, 181, "Жетісу" базарына жіберілді.
"Қарбалас уақытта қаладан қайтып келе жатқан көліктерден кептеліс өрт сөндіру техникасының жетуіне кедергі келтірсе де, оқиға орнына дер кезінде 19:19-да жетті. Оқиға орнына жеткен сәтте контейнерлердің жанып жатқаны анықталды. Дереу өртті сөндіруге және көрші контейнерлерін қорғауға оқпандар енгізіліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, үздіксіз су берілді", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстары бейнебақылау жүйесінің камералары арқылы бақылауда болған.
Өрт 31 минуттың ішінде, 19:50-де ауыздықталып, 20:01-де 120 шаршы метрге жайылған өрт толығымен сөндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!