Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ғимараттар қирамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ғимараттар қирағаны туралы мәлімет түспеген, әкімдік оларды тексеруді жалғастырып жатыр.
Сел қаупі бар аймақтарға ТЖМ тікұшақ техникасы арқылы әуеден көзбен шолу жасалған.
Іс-әрекет алгоритмі бойынша полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тартылған. Қазіргі уақытта барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда өңірлердегі жағдай тұрақты.
Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!