Алматыда жер сілкінісінен кейін бірқатар білім нысанының қабырғасына сызат түсті. Бұған қатысты құрылыс басқармасы түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, негізінен бұл зақымдану әрлеу материалдарына қатысты, салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.
"Төтенше жағдайлар департаменті, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады", - делінген хабарламада.
Жедел штаб қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбағанын хабарлады. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз