- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жер сілкінісінен...
Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ЖОО қабырғасына сызат түсті: құрылыс басқармасы түсінік берді
Алматыда жер сілкінісінен кейін бірқатар білім нысанының қабырғасына сызат түсті. Бұған қатысты құрылыс басқармасы түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, негізінен бұл зақымдану әрлеу материалдарына қатысты, салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.
"Төтенше жағдайлар департаменті, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады", - делінген хабарламада.
Жедел штаб қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбағанын хабарлады. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан