4 наурызда Алматыда бес балдық жер сілкінісі тіркелді. Алматылық тұрғындар тағы да қаладан көшу туралы ойлана бастаған сыңайлы. Осыған байланысты "Голос народа" тілшісі Астанада пәтерді жалға алу құны қаншалық өзгергенін тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы-Астана" бағытындағы ұшақ рейсінің билет құнына қарағанда, алматылықтар елордаға жаппай кетіп жатыр. Бүгінде билет бағасы 130 мың теңгеге жетті, ал Алматыдан Астанаға ұшақтың орташа құны 15-тен 30 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар, билеттің бағасына қарамастан, барлығы сатылып кеткенін байқауға балады.
Бұған пәтер иелері тез әрекет еткен. Өйткені бұған дейін бір бөлмелі пәтерді бір айға жалға алудың орташа құны 120-150 мың теңге болатын. Ал жер сілкінісінен кейін әдеттегі құнынан әлдеқайда қымбаттады. Мысалы, Есіл ауданындағы бір бөлмелі пәтерді бір айға 280 000, 260 000, 230 000 теңгеге жалға алуға болады, бұл Алматыдағы жер сілкінісінен бір күн бұрынғы бағадан екі есе қымбат.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гендік аурулар деген не? Оған қандай аурулар жатады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз