Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ мән-жайды айтты

Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ мән-жайды айтты
Фото: depositphotos.com

Алматыда жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, 23 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 12:20-да жер сілкінісі тіркелген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісі сезілген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары жер сілкінісі туралы хабарлама алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget