Алматыда болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлының айтуынша, 4 желтоқсанда сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген.
"Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, сағат 15:00-де Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты. Алматы болжам полигоны аумағында сейсмикалық шкала бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", - деді ол.
Еске салайық, ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан.
Кейінірек Алматыда жер сілкінген кездегі сурет-видеолар пайда болды.
Алматыда болған жер сілкінісінен кейін полиция көліктері, өрт сөндіру бөлімдерінің арнайы техникалары қала аумағын аралап, тексеріп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!