Алматыда сейсмологтар жерасты дүмпуі қайталану ықтималдығына болжам жасап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ғылыми сейсмологиялық комиссия зерттеу жұмыстары нәтижесіне сүйеніп, болжам қорытындысын жариялайды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етіліп, мониторинг жүргізіліп жатыр.
Алматы ТЖД мәліметінше, 112 желісіне ақпарат түспеген.
Еске салайық, ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісін тіркеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова