Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаладағы тәртіпті 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер, сондай-ақ тергеу-жедел топтары қамтамасыз етті.
"Түн салыстырмалы түрде тыныш болды. Қаладағы жедел жағдайдың асқынуына жол берілмеді. Жол қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. "102" желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрды: азаматтардан келіп түскен қоңыраулар саны көбейген жоқ. Ешқандай тонау тіркелмеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бастапқы кезеңде азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз