- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жер сілкінісі:...
Алматыдағы жер сілкінісі: метро жұмысы қайта іске қосылды
Алматыда метро жұмысы қайта іске қосылды. Бұл туралы Алматы метрополитені баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
"Алматы метрополитені сағат 16:30-дан бастап жұмысын жалғастырды. Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс Жоспарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізді, метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыда сағат 11.22-де 5 балдық жер сілкінісі сезілді. Алматы қаласы Метрополитені өкілдері жолаушылар эвакуацияланғанын мәлімдеген еді.
Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексереді.
"Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады", - деді Метрополитен өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек