- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жер сілкінісі...
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бір адам жарақат алған
Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінен соң бір адам екі тобығын сындырып алып, дәрігерлер көмегіне жүгінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қаланың 18 жастағы тұрғынына балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажет көмек көрсетілген.
"Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп жазылған ведомство хабарлмасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны хабарланды.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізді. Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бары да хабарланды. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова