Алматыдағы жер сілкінісі қалай сезілді? ТЖМ пікір білдірді

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жер сілкінісі 28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген. Жерасты дүмпуі Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыста болған.

Жер сілкінісі былай сезілген:

  • Алматыда, яғни жер сілкінісінің ошағынан 6 шақырым жерде 3-4 балл;
  • Жер сілкінісінің ошағынан 18 шақырым жерде орналасқан Қаскелеңде 2-3 балл;
  • Жер сілкінісінің ошағынан 19 шақырым жерде орналасқан Боралдай ауылында 2-3 балл;
  • Жер сілкінісінің ошағынан 28 шақырым жерде орналасқан Өтеген батыр ауылында 2 балл.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары алғашында 28 қыркүйекте сағат 06:32-де жерасты дүмпуін сезген.

Кейінірек тұрғындар тағы да қатты жер сілкінісін сезді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!