- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жер сілкінінісі...
Алматыдағы жер сілкінінісі кезінде биіктен секіріп кеткен әйелдің жағдайы әлі де ауыр
Фото:
Tengrinews.kz
Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккен бір адамның жағдайы әлі де ауыр. Үшінші қабаттан секіріп кеткен 33 жастағы әйел жасалған отадан кейін жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
КТК телеарнасының хабарлауынша, қалған екеуінің халі орташа ауыр. Дәрігерлер тағы күтім қажет дейді.
Балалар шұғыл медициналық орталығына жеткізілген төрт бала әлі ауруханада. Жағдайлары орташа тұрақты.
Еске салайық, Алматыда үш күн бұрын болған жер сілкінісі кезінде 67 адам зардап шеккен. Оның 12-і — бала. Барлығы жер сілкінісін сезгенде терезеден секірген. Кейбірі қысылысып, үстіңгі қабаттан төмен қарай түсе берген сәтте баспалдақтан құлап мертіккен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан