Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету кешені мемлекетке өтті

Алматы прокурорлары мемлекет меншігіне 3 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Алматы қаласының прокуратурасы құны 3 миллиард теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекет теңгеріміне қайтаруға қол жеткізді.

Бұған дейін Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар бұл кешенді, Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазір жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарланып жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!