Алматыдағы "Жібек жолы" базарының аумағында өрт шықты

Алматыдағы "Жібек жолы" базарының аумағында өрт шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматылық өрт сөндірушілер автокөліктерге қызмет көрсету орталығындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 18 тамызда Алматыда "Жібек жолы" базарының аумағындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығында өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер 250 шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндірді.

Өрттің салдарынан үш жеңіл автомобиль өрттеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан