2023 жылғы 15 қыркүйекке қараған түні Алмалы ауданындағы жаппай төбелеске қатысқандар анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.
Оқиғаға қатысушылардың бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Бұрын хабарланғандай, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлігі бойынша тіркеліп, Алмалы аудандық полиция Басқармасымен тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматының орталығында жастар жаппай төбелес болғанын жазған едік.
Әлеуметтік желіде Алматының орталық көшелерінің бірінде болған жастар арасындағы жанжалдың видеосы жарияланды.
Видео авторының айтуынша, оның ұлы мен екі досын бір топ адам ұрып-соғып, смартфонын тартып алған. Бір жігіттің бетіне оқ тигені де айтылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!