Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 15 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлады.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!