- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жантүршігерлік жол...
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: автобус жүргізушісі қамауға алынды
Бүгін, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды.
Алматыда жол апатына түскен автобус жүргізушісі оқиға қалай болғанын айтты
Кейінірек осы оқиға салдарынан 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінгені, бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырғаны белгілі болды.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады. Ал куәгерлер қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай туралы айтты.
Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан