Жол апаты салдарынан 1 адам қаза тауып, 15 адам зардап шеккен.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктері соқтығысқан.
Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем келді.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Суреттер: massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!