Алматыдағы Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында болған жол апатының суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Мамандар оқиға орнына келді, тиісті жұмыстарды құзырлы органдар жүргізетін болады", - деді басқарма өкілдері.





Жол апаты салдарынан 1 адам қаза тауып, 15 адам зардап шеккен.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктері соқтығысқан.


Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем келді.



Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.





Суреттер: massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!