Алматыдағы жаңа метро бекеттерінің құрылысы неге созылып кетті?

Алматыдағы жаңа метро бекеттерінің құрылысы неге созылып кетті?
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде жаңа метро бекеттерінің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімінің сөзінше, кейінгі жылдары жаңа метро бекеттерінің құрылысы қарқынды жүрмеген.

"Алматыда жаңа метро бекеттерінің құрылысы кейінгі жылдары жоғары қарқынмен салынбады. Біздегі басты сұрақ - метро құрылысын Қалқаман бекетіне дейін аяқтау. Сонымен қатар батыс бағытта "Барлық" базарына дейін кеңейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бізде жаңа тасымалдау торабы бар. Сонымен қатар шығыс бағытта әуежайға дейін созуды ойлап отырмыз. Сондықтан келер жылы жағдай өзгеріп, метро құрылысы әлдеқайда жоғары қарқында жүреді деп үміттенеміз. Қаланың көлік құрылымында метро, ЛРТ сияқты жылдам көлік түрлеріне басымдылық беріледі. Сондықтан көлік қаңқасының жоспары бекітіліп, келер жылы негізгі инвестициялар мен ірі жобалардың құрылысы басталады", - деді ол.

Қала әкімі жаңа бекеттердің құрылысы неліктен созылып кеткенін түсіндірді.

"Үлкен қалалардың кез келгеніндегі сияқты, біздегі метро құрылысының жылдамдығы трафикке байланысты төмен. Алматыда қыркүйектің басында 700 мың көлік тіркелді, күн сайын сырттан шамамен 450 мың көлік келеді. Яғни жолда миллионнан аса автомобиль жүреді. Біз дамыған қоғамдық көлікке басымдық береміз, тұрғындар өз көлігімен немесе автобуспен, троллейбуспен, метромен салыстырғанда, қоғамдық көлікті таңдағанын қалаймыз", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаңа метро бекеті қашан ашылатыны хабарланған болатын.

Кейінірек Алматыдағы жаңа метро бекеттерінің құрылысы қалай жүріп жатқаны белгілі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә