Алматыдағы Горький саябағында екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 қыркүйекте сағат 14.37-де Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 1Б үйінің маңындағы өрт туралы хабар түскен.
"Сағат 14.44-те келген кезде 12 шаршы метр аумақта екі автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, өрттің жақын маңдағы ағаштар мен басқа да көліктерге таралу қаупі болды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді департамент өкілдері.
Автокөліктегі өрт тез таралған, қазір ол толығымен сөндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!