- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы фитнес жаттықтырушысының...
Алматыдағы фитнес жаттықтырушысының өлімі: сот үкім шығарды
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс бойынша марқұммен хостелде бірге тұрған екі жігітке айып тағылды.
Соттың хабарлауынша, 2023 жылғы шілде айында жәбірленуші Төребаев алкогольдік масаңдықтан кейін агрессивті күйде хостелде балта ұстап жүрген. Ол сотталушы А.-мен жанжал шығаруға тырысты. Төребаев А.-ны балтамен ұруға ниеттенген. Алайда А. одан қашып, бөлмесіне кіріп, есікті ішінен жауып алған.
"Жәбірленуші әрекеттерін тоқтатпай, үйдің ауласына түскен, А.-ны төмен шақырып, ұрысты нығайтуға тырысты. Сотталушы А. жәбірленушінің агрессивті әрекеттерінен қорқып, бөлмесін ашуға қорыққан. Оның сыртқа шықпауын күтпей, жәбірленуші сол қабатқа қайта көтерілді. Жолда оған екінші көршісі – сотталушы И. кездесті, ол Төребаевты тыныштандыруға тырысқан, бірақ марқұм оған да балтасын көтерген. Салдарынан И. А.-ның бөлмесіне кіріп, есікті ішінен құлтап алды", - делінген сот мәліметінде.
Төребаев есікке балтамен соққы беріп, оны бұзып кірмек болған. Төребаев бөлмеге кіріп, сотталушыларға балтамен соққы беруге тырысқанда, А. жәбірленушіге оқ атқан, салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
"Сот үкімімен А. (ҚР ҚК 102-бабымен) кінәлі деп танылып оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК 60-бабының 1-ші бөліміне сәйкес, 2017 жылдың 28 наурызында Орал қалалық сотының үкімімен тағайындалмаған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі толығымен қосылып. Оған, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы И. қылмысты хабарламау (ҚР ҚК 434-бабы) бойынша кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалмағаны себепті ақталды. Ол сот залынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан