Алматыдағы екі көшенің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыдағы Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1-учаске:

30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қажымұқан көшесінің 22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С.Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

2-учаске:

30 қазанда сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.

"Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз. Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервисінде жарияланған", - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!