Алматыдағы дрон шоуына қанша миллион теңге жұмсалғаны белгілі болды

Алматыда Республика күніне орай ұйымдастырылған дрондар шоуына 68 миллион теңге жұмсалғаны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Туризм басқармасы 25-маусым күні ұсынған лотта дрондар шоуының ұйымдастырылуына 71 428 571 теңге бөлінгені көрсетілген. Ал тендер жеңімпазы Unipersonal ЖШС бұл қызметке 68 миллион теңге жұмсайтынын көрсеткен. 

Қала тұрғындары куә болғандай, 68 миллион теңге жұмсалған 20 минуттық дрондар шоуына 500-ден астам квадрокоптер қатысты. 100 метр биіктікте түрлі пішінге енген дрондар жерден анық көрінетіндей етіп, 10 ваттық жарық диодты фонарьмен жабдықталды.

Еске салайық, бұған дейін Республика сарайы алдындағы алаңда болған анимациялық шоудың кадрларын жариялаған едік. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз