Алматыдағы даңғылдардың бірінде қозғалыс шектелді

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

11 тамызда сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан бастап, Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс жабылады. Даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады.

"Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын патрульдік полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға байланысты реттейді. Учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді. Шығыс және батыс жақта көлік ортасын бөлетін темір қоршау орнатылады", - деп жазылған хабарламада.

12 тамызда сағат 8:00-де Рысқұлов даңғылынан Күдерин көшесіне және Солтүстік айналма көшесінен шығыс бағытқа бұрылатын жолдар ашылады.

12 тамызда сағат 12:00-де Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына шығыс бағытқа бұрылатын жол ашылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз