Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының бас аспазы есірткі сатқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті дәмхананың аспазын ұстады. Полицияның мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.
"Ол гашишті жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспаз ұсталды. Тінту нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған адам қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық дерегін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!