- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлік қозғалысы
Алматыдағы Бұқар жырау бульварында көлік қозғалысы шектеледі
Алматыдағы Бұқар жырау бульвары учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі QazaqGaz Aimaq АҚ Алматы өндірістік филиалына сілтеме жасап.
"2024 жылғы 30 қарашада сағат 7:00-ден 2 желтоқсан 06:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары мен Байзақов көшесі қиылысының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары бойында Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.
Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары бойымен Есентай өзеніне дейінгі орта қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы - 1766,9 м. Қолданыс кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың 4 коррозиялық зақымдануы анықталды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан