Алматыда Қожабеков көшесіндегі учаскеде инженерлік желілердің жүргізілуіне байланысты қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алатау ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік тарату желілерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты Қожабеков көшесі бойымен қала шекарасынан Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі 900 метр қашықтықтағы жол учаскесі 2024 жылы 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.
"Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!