Алматыдағы бір көшеде автобусқа арналған арнайы жолақ алып тасталады

Алматыдағы бір көшеде автобусқа арналған арнайы жолақ алып тасталады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, 1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесі Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығындағы қозғалысқа жаңа сызба енгізіледі.

"Жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады. Жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады", - деді әкімдік өкілдері.

Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермек.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget