- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жолдағы шектеу
Алматыдағы бір даңғылда қозғалыс уақытша шектеледі
Алматыдағы Сейфуллин даңғылы учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап.
8 қарашада сағат 23:00-ден 10 қараша сағат 21:00-ге дейін Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі съезд жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға қатысты.
Бұл учаскеде кәріз тарату желілерін салу және су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыстар Қозыбаев, Рысқұлов, Тәтібеков көшелері және Райымбек даңғылы алаңдарын қамтиды. Жоба Жетісу ауданының 15 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 58 көшеде 42,9 км су құбыры және 15,1 км кәріз желілерін салу қарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина