Алматыдағы Ботаникалық бақта аққуды мойнынан қылғындырған ер адам 7 күнге қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 тамызда әлеуметтік желілерде ер адамның Бас Ботаникалық бақ аумағында аққуды мойнынан ұстап алған сәті түсірілген видео жарияланды. Бұл әрекет қоғам арасында әділ наразылық туғызды.
"Полицияның жедел әрекеттерінің және бейнебақылау камераларынан біздің қауіпсіздік қызметіміз берген деректердің арқасында құқық бұзушы бір тәулік ішінде анықталып, ұсталды. Құқық бұзушы 1983 жылы туған азамат болып шықты. Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін бұл іс бойынша сот отырысы өтті. Сот ер адамды 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.
Алматы қалалық сотының мәліметінше, бүгін өткен сот отырысында ер адамға жеті тәулікке әкімшілік қамау жазасы кесілді.
Ботаникалық бақ әкімшілігі бақ аумағы ерекше қорғалатын табиғи аймақ екенін, мұндағы жануарлар мен өсімдіктердің арнайы қорғауда болатынын еске салды. Аққудың жағдайын орнитолог мамандар тұрақты деп бағалады. Жақын уақытта аққулар тоғанының айналасына қоршау орнату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бақта келушілер санының артуына байланысты ережені бұзу оқиғалары да көбейген: көгалды таптау, өсімдіктерді зақымдау, қоқыс тастау, рұқсатсыз пикник өткізу. Тәртіпті сақтау үшін әкімшілік "Жасыл Патруль" еріктілерінің көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз