- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы Ботаникалық баққа...
Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады
Алматының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Ботаника және фитоинтродукция Институты" РМК-на кіру билеттерінің тарифін төмендетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру билетінің тарифін белгілеуде заң бұзылған.
"Прокурорлық қадағалау актісімен Ботаникалық баққа келушілерге арналған тарифі 103 теңгеге төмендетілді", - делінген хабарламада.
Ботаникалық бақтың ресми сайтында бұл туралы хабарландыру бар.
"Келушілерге ыңғайлы болу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісе отырып, жаңа тарифтерде ботаникалық бақ аумағындағы барлық баға тиынсыз болады. Еске салайық, ботаникалық баққа кіру билетінің құны және 0,1 АЕК мөлшерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық кіреді. Енді ботаникалық баққа кіру ересектерге 850 теңге, студенттерге 685 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 503 теңге болмақ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек