Алматыдағы базарлардың бірінде жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алатау ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Газель маркалы көліктің жүргізушісі құрылыс базарларының бірінің жерастындағы бөлігінде 1980 жылы туған азаматты қағып кеткен.
"Оқиға салдарынан 46 жастағы жаяу жүргінші алған дене жарақаттарынан көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы ПД өкілі.
Қажет сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова