Алматы базарында заңсыз әкелінген 13 мыңнан аса тауық жұмыртқасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қаланың сауда нысандарында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейд өткізген.
Инспекция мамандары "Барыс-IV" базарын тексеру барысында ветеринариялық құжаттары жоқ, таңбаланбаған әрі арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтаған.
"Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 өнім алынды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. 10 маусымда тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы "Беккер шұңқырына" тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!