Алматыдағы "Барлық" базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде кадрлар пайда болды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, шынымен де "Барлық" базары аумағында өрт шыққан. Фаст-фуд сататын істемей тұрған дүңгіршектер өртенген.
"Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 14:55-те өрт оқшауланды. Өрт 7 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
"Барлық" базары Райымбек даңғылының бойында "Алтын Орда" базарына қарама-қарсы орналасқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!