- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы барахолкада вейпті...
Алматыдағы барахолкада вейпті жасырын сатып жүргендер ұсталды
Алматыдағы "барахолкада" вейп сататын орын жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оны 42 жастағы жеке кәсіпкер ұйымдастырған. Ол заң талабын елемей, бұл кәсіпті жасырын жүргізуге шешім қабылдаған.
"Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында дүңгіршекте электронды темекінің заңсыз сатылғаны анықталды. 3 мың вейп табылды және тәркіленді. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Заттай айғақтар қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Фото: Polisia.kz
Еске салайық, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-баб (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) қосылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина