Алматыдағы “барахолкада“ өрт шықты

Алматыдағы “барахолкада“ өрт шықты
Фото: Видео кадры

Алматыда Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілген.

"Құтқарушылар жеткен кезде асхана өртеніп, жалын 20 тонналық екі контейнерді шарпығаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы - 70 шаршы метр. Үйлесімді іс-қимылдың арқасында өрт 30 минуттың ішінде толықтай ауыздықталды", - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде дрондар пайдаланылған. Сонымен қатар, екі газ баллоны оқшауланған.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@112almaty_tjd)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget