Алматыда өртенген балалар үйін жөндеу жұмыстары үш ай ішінде аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Динара Зәкиева Instagram парақшасында "Перзент" балалар үйінде тұратын балалармен кездескенін айтты.
"Өрт шыққан ғимараттағы жөндеу жұмыстарын үш ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр", - деп жазды ол желіде.
Омбудсменнің айтуынша, балалар уақытша шипажайда, барлық жағдай жасалған.
"Қазір барлығы - 29 бала, себебі алтауын ата-аналары алып кетті. Бірнеше күн ішінде оларды мектепке жақын орналасқан қордың басқа ғимаратына көшіреді", - деді Зәкиева.
Еске салайық, 9 қарашада Наурызбай ауданы Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан "Перзент" жекеменшік балалар үйі аумағында өрт шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз