Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендердің саны артты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға салдарынан 25 адам зардап шеккен. Бір науқас жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған.
"Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емханалық көмекке жіберілді. Зардап шеккендердің 22-сі қаланың стационарларына жеткізілді, барлығының жағдайы орташа ауыр деп бағаланды", - деп жазылған Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Зардап шеккендердің арасында 14 пен 16 жас аралығындағы үш жасөспірім болды.
Қазір науқастарға қажет ем шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды.
Алматыда жол апатына түскен автобус жүргізушісі оқиға қалай болғанын айтты
Кейінірек осы оқиға салдарынан 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінгені, бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырғаны белгілі болды.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады. Ал куәгерлер қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай туралы айтты.
Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!