Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты. Алматы Полиция департаменті жол апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 11:40-та Алматының Алмалы ауданында болған.
"Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде батысқа қарай теміржол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Оқиға салдарынан қоғамдық көлікте болған 6 жолаушы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
@massaget.kz Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 11:40-та Алматының Алмалы ауданында болған. "Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде батысқа қарай теміржол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Оқиға салдарынан қоғамдық көлікте болған 6 жолаушы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Автобусқа айтарлықтай зақым келген. Қоғамдық көліктің орта бөлігі опырылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, автобус тепловоздың ескертуін елемей, "өтіп кетемін" деп ойлаған. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін айтқан еді.
♬ original sound - Massaget.kz
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысқаны белгілі болған еді. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барды.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!