- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы автобус апаты:...
Алматыдағы автобус апаты: прокурор күдіктіні 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына байланысты сот отырысы тікелей эфирде өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысында прокурор сотталушы Ахметжановқа қатысты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Бұл жерде үш адамның қазасы ғана емес, бір отбасы балаларының тұл жетім болып қалуына себеп болған. Яғни, жарқын болашақтарына балта шапқан. Осы жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, мемлекеттік айыптаушы ретінде сотталушының кінәсі толықтай дәлелденді және алдын ала тергеу органдарымен сотталушының іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 1- бөлімімен, 351-бабымен дұрыс және негізге алынды деп есептеймін. ҚК-ның 2-бабына сәйкес жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қауіптілік дәрежесі ,жеке басы, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі іс-әрекетін ескеруіңізге, ҚР Кодексінің 53-бабына сәйкес сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын айыптау жағынан анықталмады. Өйткені шын ниетімен өкініш білдірген жоқ, кінәсін мойындаған жоқ. Сотталушы қылмыс жасаған кезде наркологиялық , психо-нерологиялық есепте тұрмаған және қазір де тұрмайды. Осы қылмысты жасағанда ол өз іс-әрекетіне толықтай бағасын бере білген. ҚР ҚК-ның 11-бабы 3-бөліміне сәйкес абайсызда жасалған орташа қылмыс болып саналады. Келтірілген негіздерге сүйене отыра, сотталушының жеке басын, жәбірленуші тараптың пікірін, жасалған қылмыстың қауіптілігін ескере отырып, құрметті Сот сізден Ахметжанов.М-ды 8 жылға бас бостандығынан айыруға тағайындауыңызды сұраймын", - деді прокурор.
Сот отырысы 26 сәуірге, сағат 11:00-ге шегерілді.
Айта кетейік, сотталушы абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған бұзақылық жасағаны және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыпталуда.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы