2022 жылғы 8 қарашада Алматыдағы Абылай хан даңғылы мен Төлеби көшесінің қиылысында болған №98 және №201 екі маршруттық автобустардың жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында №98 автобустың жүргізушісі А. күдікті деп танылды және оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды.
2023 жылғы 7 ақпанда қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі А., ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа жолданды.
Еске салайық, көлік апаты 2022 жылғы 8 қарашада болды, салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті. Бір адам мерт болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!