- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы автобус апаты:...
Алматыдағы автобус апаты: күдікті үйқамаққа жіберілген
Алматыдағы автобус апатына қатысты күдікті үйқамаққа жіберілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде күдіктінің адвокаты мәлімдеді.
"Бұған дейінгі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде күдікті үйқамақта болады және баласына қарай алады", - деп жазды адвокат Қанат Әлсейітов Instagram парақшасында.
Ол автобус апатына қатысты күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынуға тырыспағанын және оқиға орнында зардап шеккендер мен полиция қызметкерлеріне көмектескенін айтты.
"Қайтыс болған жігіттің туыстары түсіністікпен қарады және менің қорғаушыма жанашырлық танытты, сондай-ақ, оған қарсы шағымдары жоқ екені туралы мәлімдеме жазды. Олар оның қамауда болғанын қаламайды және қатаң шара қолданбауды сұрады", - деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды.
Алматыда жол апатына түскен автобус жүргізушісі оқиға қалай болғанын айтты
Кейінірек осы оқиға салдарынан 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінгені, бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырғаны белгілі болды.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады. Ал куәгерлер қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай туралы айтты.
Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова